KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік

KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік

KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік 

 

2026 жылғы 2 ақпанда KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстановтың Maqsut Narikbayev University басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ кездесуде серіктестіктің перспективалы бағыттары қарастырылып, «Құқықтың болашағы» тақырыбында өтетін, 14 елдің студенттерін біріктіретін International Legathon MaxUP 2026 аясындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.

Мұндай бастамаларға қатысу халықаралық білім беру және сараптамалық диалогтың дамуына ықпал етіп, жас мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.