KazAID пен TIKA 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KazAID пен TIKA 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KazAID пен TIKA 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылғы 3 ақпанда, KazAID Басқарма Төрағасы А. Арыстанов Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) үйлестірушісі Ф. Эрдогмушпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бағдарламаларды бірлесіп іске асырудың перспективаларын, соның ішінде «Авиценна: денсаулық сақтау» жобасын жалғастыруды, сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықта Ерте жастағы балаларға инвестициялар жөніндегі бірлескен форумды өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мектептерінде серіктес елдерден келген әйел оқытушыларды жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика (STEM) бағыттары бойынша даярлауға арналған перспективалы жоба және 2027 жылға арналған басқа да басым бағыттар қарастырылды.

Тараптар екі агенттік арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында ресми даму көмегі саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе мен білім алмасуға дайын екендерін растады.