KazAID және JICA ынтымақтастықты нығайтады

KazAID және JICA ынтымақтастықты нығайтады

KazAID және JICA ынтымақтастықты нығайтады

2026 жылғы 22 қаңтар, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А.Арыстанов Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Тәжікстан Республикасындағы өкілі Х.Танабэ мырзамен және JICA-ның Қазақстан Республикасындағы Ынтымақтастық жөніндегі Кеңесшісі М.Уэхара мен басқа да өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдеріндегі жобаларды бақылау және бағалау бойынша өңірлік ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ бірлескен жобаларды ұйымдастырудағы жетістіктерді атап өтті.

Жапон тарапы жобаларды басқару және PDCA (Plan-Do-Check-Act) циклі негізіндегі жобаларды бақылау және бағалау жүйелері бойынша тәжірибесі мен білімімен бөлісті. PDCA қағидаттарын JICA жобаларды бағалау үшін алдын ала талдау сатысында да, іске асыру және жобадан кейінгі шолу кезінде де пайдаланады. Бұл тәсіл ресурстардың ашықтығы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және алынған сабақтарды болашақ жобаларға біріктіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растап, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілігін білдірді.