KazAID-та ЕҰУ-дың алғашқы тағылымгерлері

KazAID-та ЕҰУ-дың алғашқы тағылымгерлері

KazAID-та ЕҰУ-дың алғашқы тағылымгерлері

Рустам мен Гүлжан — Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аймақтану» мамандығы бойынша білім алатын студенттері KazAID-та тағылымдамадан сәтті өтті.

Аталған студенттер — ЕҰУ-дан біздің ұйымымызда тағылымдамадан өткен алғашқы тағылымгерлер. Бұған дейін KazAID-та Назарбаев Университетінің, Мақсат Нарикбаев Университетінің, Сүлеймен Демирел Университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері тағылымдамадан өткен болатын.

Тағылымдама барысында Рустам мен Гүлжан Серіктестік және аймақтық жобалар департаментінде кең ауқымды міндеттерді орындады:

  • халықаралық серіктестермен кездесулерді дайындау және ұйымдастыруға қатысты;
  • ағымдағы жобалық және аналитикалық жұмыстарға қолдау көрсетті;
  • халықаралық ынтымақтастық пен дамуға ресми көмегінің практикалық қырларымен танысты.

KazAID талантты жастарды қолдауға және олардың әлеуетін ашуға әрдайым дайын және халықаралық даму саласына қызығушылық танытқан студенттермен ынтымақтастыққа ашық.