KazAID пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KazAID пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KazAID пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 жылғы 24 желтоқсан, Астана қаласы — KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гульбара Сұлтановамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар KazAID пен ҚР МАМ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ 2026 жылдың тұрақты даму мақсаттары жолындағы халықаралық волонтерлер жылы болып жариялануына байланысты бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Кездесу тараптардың волонтерлікті, азаматтық қоғамды және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған серіктестікті дамытуға өзара мүдделі екенін растады.