Қазақстанда KazAID және ЮНИСЕФ кездесуi

Қазақстанда KazAID және ЮНИСЕФ кездесуi

Қазақстанда KazAID және ЮНИСЕФ кездесуi

2025 жылғы 31 қазан, Астана қаласы - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен ЮНИСЕФ-тің ерте балалық даму мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Ивелина Борисова арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ЮНИСЕФ бастамасы – балаларды ерте оқыту мен тәрбиелеу жүйесін қаржыландыру тетігі (Childcare and Early Learning Financing Facility, CELFF) жобасын талқылады. Бұл бастама мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

2026 жылы KazAID пен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық перспективаларына, соның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру мен білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Кездесу тараптардың тұрақты дамуды нығайтуға деген ортақ ұмтылысын айқындады.