
KazAID Қырғызстанмен ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа әріптестіктер мен аймақтық бастамалар
Қырғыз Республикасының Бішкек және Ош қалаларында 2025 жылғы 12–17 қазан аралығында “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің делегациясы Департамент директоры Б. Жақұповтың, сондай-ақ К. Ахметова, К. Сұлтан және А. Ғабдуллина қатысуымен бірқатар мемлекеттік құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және даму серіктестерімен кездесулер өткізді.
Сапар барысында тараптар білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және экология салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Перспективалы бағыттар қатарында — тәжірибе алмасуды кеңейту мен инновациялық тәсілдерді енгізу, медициналық білім беру мен телемедицина саласында бірлескен бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ органикалық ауылшаруашылық өнімдерін ілгерілетуге және «ақылды» егіншілік технологияларын енгізуге арналған бірыңғай цифрлық платформа құру бар.
KazAID делегациясы Роза Отунбаева атындағы халықаралық қоғамдық қорымен, KOICA, SDC, JICA, GIZ, TİKA, IOM және Ага Хан қорымен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, олар KazAID аймақтық бастамаларына қатысуға дайын екенін білдірді.
Сапар конструктивті жағдайда өтіп, тараптардың ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды дамытуға өзара қызығушылығын растады.