Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Бразилия ынтымақтастығының перспективалары

Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Бразилия ынтымақтастығының перспективалары

Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Бразилия ынтымақтастығының перспективалары

2025 жылғы 9 қазан, Астана қаласы -  KazAID, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және Бразилияның Sementes Savana компаниясы арасында, Бразилия Елшілігінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге KazAID төрағасы Аркен Арыстанов, Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсель Фортуна Биато, Sementes Savana компаниясының бас директоры Лусиано Перейра Феррейра және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғылым жөніндегі төраға орынбасары Максим Сутула қатысты.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың болашағын, соның ішінде Бразилия мен Қазақстан арасындағы тұрақты әріптестікті көздейтін Sementes Savana жобасы аясындағы мүмкіндіктерді талқылады.