KazAID: Түркиядағы мектеп құрылысы мәресіне таяп қалды

KazAID: Түркиядағы мектеп құрылысы мәресіне таяп қалды

KazAID: Түркиядағы мектеп құрылысы мәресіне таяп қалды

Нурдагы, Газиантеп провинциясы, Түркия — “KazAID” Қазақстанның халықаралық даму агенттігі 2023 жылғы жер сілкінісінен кейін Түркия халқына көмек көрсету аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған мектеп құрылысы жобасының елеулі ілгерілеуі туралы хабарлайды.

Мектеп 960 орынға арналған, оның ішінде 32 бастауыш сынып және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының жартысынан астамы аяқталды: бетон қаңқасы тұрғызылды, қабырғалар мен ішкі қалқалар қаланды, қасбеттік жұмыстар мен инженерлік желілерді орнату жалғасуда.

Мектеп құрылысының операторы — KazAID. Іргетас қалау рәсімі 2024 жылғы 19 желтоқсанда Түркияның Нурдагы қаласында өтті. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Мектеп дайын болғаннан кейін оқушылар жаңа оқу жылын күтпестен бірден сабаққа кірісе алады.

Жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен өзара қолдау рухын айқын көрсетеді, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық көмектің операторы және үйлестірушісі ретіндегі KazAID стратегиялық рөлін айқындайды.