KazAID қолдауымен Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
2025 жылғы 24 қыркүйек, Кабул қаласы, Ауғанстан — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі KazAID Қазақстанның халықаралық даму агенттігі қолдауымен Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі партиясын теміржол арқылы жеткізді. Барлығы жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық жүк келді, олардың ішінде шатырлар, қант, көрпелер, ет консервілері және ұн бар.
Еске салайық, 2025 жылғы сәуір айында да гуманитарлық көмек жіберілген болатын: дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және жеке қорғаныс құралдары тиелген жүк әуе арқылы жеткізіліп, оның жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құрады.
Қазақстан тату көршілік қатынастарды дамыту бағытын ұстанып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да атсалысуға дайын.