KazAID пен Hong Kong University of Science and Technology (HKUST) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
2025 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында KazAID және Hong Kong University of Science and Technology (HKUST) өкілдерінің кездесуі өтті.
Тараптар Орталық Азиядағы жоғары білім беру жүйесін, KazAID-тің ағымдағы жобаларын және халықаралық ынтымақтастық үлгілерін талқылады. Hong Kong University of Science and Technology (Guangzhou) өкілдері жасыл көшбасшылық пен инновациялар жөніндегі Global GBA Academy жобасын таныстырды. Жасанды интеллект, климаттың өзгеруі және ғылыми-зерттеу әзірлемелері салаларындағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов, Hong Kong University of Science and Technology (Guangzhou) президенті профессор Lionel M. Ni және Hong Kong University of Science and Technology вице-президенті профессор Charles Wang-Wai NG қол қойды.