KazAID пен Швейцария Елшілігінің кездесуі
2025 жылғы 10 қыркүйек, Астана - «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі өкілдері мен Швейцария Елшілігінің өкілдері кездесті.
Кездесуге Швейцария Елшілігінің Қазақстандағы миссия басшысының орынбасары Тобиас Вердер және KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің директоры Бекзат Жақұпов қатысты.
Кездесу барысында тараптар KazAID пен Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) арасындағы жұмыс перспективаларын талқылады.