KazAID жастар арасында «KazAID Амбассадорлары» байқауын жариялайды!
Егер сенің жасың 18 бен 35 аралығында болса және Instagram немесе TikTok-ты белсенді жүргізсең — халықаралық деңгейде өзіңді танытуға тамаша мүмкіндік
6 ай бойы сен тұрақты даму идеяларын креативті әрі заманауи форматта — Reels, Stories және посттар арқылы жеткізіп, KazAID жобалары туралы айтып бересің.
Амбассадорларға не ұсынамыз?
✅ KazAID ресми амбассадоры мәртебесі және сен туралы біздің әлеуметтік желілерде жарияланым
✅ Кәсіби фотосессия және KazAID брендтік мерчі
✅ KazAID жобалары мен іс-шараларына қатысу
✅ Қатысушы сертификаты
✅ Қоғамдық дипломатия саласында жаңа тәжірибе
✅ Резюмеге құнды тармақ және жаңа таныстар
Біз креативті ойлайтын, әлеуметтік желіні жақсы көретін және Қазақстан жастарының дауысын жаһандық күн тәртібінде жеткізуге дайын жастарды іздейміз!
Қатысу шарттары қарапайым:
• ҚР азаматтары, 18–35 жас аралығы
• Instagram немесе TikTok-та белсенді аккаунт (150-ден астам жазылушысы бар)
• 6 ай бойы контент жариялап, тапсырмаларды орындауға дайын болу
• Айына 3–4 сағат онлайн форматта қатысу
• Ел, қала және ұлт маңызды емес
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 8 қыркүйектен 3 қазанға дейін.
Анкетаны толтырып, өтінім бер — сен KazAID-тың алғашқы амбассадорларының бірі бола аласың!
Қатысу формасы осында:
🔗 https://docs.google.com/forms/d/1FIBo4qq22tIj5UunjlZwH4l-4-_-ehvE9X9c6UVi97Q/edit