KazAID пен KOICA арасындағы кездесу
2025 жылғы 27 тамыз, Астана қ. – Қазақстанның халықаралық даму агенттігі “KazAID” Басқарма Төрағасы А. Арыстанов Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) Бағдарлама менеджері Дж. Лимен оның Астана қаласына сапары аясында кездесті.
Кездесу барысында тараптар «Достық: Цифрландыру» бірлескен бағдарламасының іске асу барысын және алдағы ынтымақтастық жоспарларын, соның ішінде KazAID өкілдерінің KOICA штаб-пәтерінде өтетін оқытуын талқылады.
А. Арыстанов пен Дж. Ли екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, бір-біріне ризашылықтарын білдірді.