KazAID пен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі АҚ кездесуі
2025 жылғы 19 тамыз, Астана қ. – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасы Аркен Арыстанов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсмановпен кездесті.
Кездесу барысында білім беру гранттарын ілгерілету және олардың танымалдылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс мәселелері қаралды, сондай-ақ ынтымақтастықты ресмилендіру тақырыбы да қозғалды.
KazAID пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасындағы серіктестік білім беру және халықаралық ынтымақтастық саласында жаңа мүмкіндіктер ашып, академиялық мобильділік бағдарламаларына кеңірек қолжетімділікті және адами капиталды дамытуды қамтамасыз етеді.