KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) арасындағы кездесу
2025 жылғы 13 тамыз, Астана қ. – Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» өкілдері мен Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) басшысы мырза Серхан Актопрак арасында кездесу өтті.
Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою шарттарын талқылады және оны бірлескен жобаны іске қосуға орайластыру мүмкіндігін қарастырды. KazAID IOM-ға талдау жүргізу үшін тақырыптар мен елдер тізімін ұсынды, бұл алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
KazAID пен IOM ынтымақтастығы жаңа мүмкіндіктер ашады. Көші-қон, гуманитарлық көмек және серіктес елдердің әлеуетін нығайту салаларында жобалар жоспарлануда.