KazAID және TIKA білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуда
2025 жылғы 6 тамыз, Астана қ. - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың Қазақстандағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Фуат Ердогмушпен және TIKA штаб-пәтерінің оқыту, тәжірибе алмасу және тренингтер саласындағы халықаралық бағдарламалар департаментінің өкілі Абдулькадир Абуканмен кездесуі өтті.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Техникалық көмек желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Біздің бірлескен жобаларымыздың бірі - KazAID және TIKA 2024-2025 жылдары іске асырған "Авиценна: Денсаулық сақтау" бағдарламасы. Оның аясында Қазақстанда Орталық Азия елдерінен медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары білім алуда.
Кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы дамуға ресми көмек саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.