Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қолдап KazAID агенттігінің әлеуетін арттыруда

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қолдап KazAID агенттігінің әлеуетін арттыруда

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қолдап KazAID агенттігінің әлеуетін арттыруда

2025 жылғы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Севилья қаласында (Испания Корольдігі) өткен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру жөніндегі IV халықаралық конференциясында Қазақстан атынан сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеме жасады.

«Мемлекеттік шығындарды қысқарту бойынша әлемдік үрдіске қарамастан, Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі бағыттарды – денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым және кедейлікпен күрес – қаржыландыруды жалғастырады. Біз KazAID – Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің әлеуетін жаһандық қаржыландыру жүйесінің бір бөлігі ретінде арттыруды жалғастырамыз», – деді Серік Жұманғарин.

Конференция қорытындысы бойынша тұрақты қаржыландырудың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат – Севилья міндеттемесі қабылданды. Қазақстан бұл құжатты қолдап, халықаралық серіктестермен ашық диалогқа дайын екенін растады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027797