Қазақстан мен Буркина-Фасо ДРК саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Астана, 2025 жыл, 4 маусым - Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында келген Буркина-Фасо Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және буркиниялықтардың министрі Карамоке Траоре KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы А. Арыстановпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Буркина-Фасо алдында тұрған өзекті гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер жөнінде пікір алмасты және Қазақстанның Африка мемлекеттерінің дамуына жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күш-жігерге қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дамуға ресми көмек шеңберінде практикалық өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірді.