KazAID пен JICA штаб-пәтеріндегі кездесу

KazAID пен JICA штаб-пәтеріндегі кездесу

KazAID пен JICA штаб-пәтеріндегі кездесу

2025 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы –«KazAID»  Қазақстанның халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасы А.Арыстанов Азия елдеріне арналған халықаралық конференция мен ЭКСПО-ға орайластырылған JICA түлектері қауымдастығы форумына қатысу аясында (JICA) Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі штаб-пәтерінде аға вице-президент С.Имото және Шығыс Азия, Орталық Азия және Кавказ елдері департаментінің директоры М.Хиросавамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен даму жобаларын ұйымдастыру бойынша қол жеткізілген жетістіктерді жоғары бағалады. Биыл KazAID пен JICA Орталық Азия және Кавказ елдерінің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ВТамО) және ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп тәуекелдерді басқару бойынша семинар өткізді. Өткен жылы Алматы қаласында Орталық Азия және Кавказ елдеріне арналған Төтенше жағдайлар және апат тәуекелін азайту орталығымен сейсмотұрақтылық бойынша, сондай-ақ Өзбекстанның Бұхара қаласында кәсіпкерлікті қолдау бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

JICA KazAID әлеуетін арттыруға белсенді қатысып, даму саласындағы тәжірибе мен білім алмасу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Жапонияның бұл үлесі екіжақты қарым-қатынасты және «ОА+Жапония» форматындағы интеграциялық процестерді жетілдіруге бағытталған бірлескен күш-жігерді нығайтады. KazAID пен JICA арасындағы тығыз ынтымақтастық – Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша әртүрлі форматтағы ынтымақтастыққа қосылған тағы бір үлес болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік білдірді.