KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) жұмыс кездесуін өткізді

KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) жұмыс кездесуін өткізді

KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) жұмыс кездесуін өткізді

2025 жылғы 21 мамырда KazAID кеңсесінде Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM Kazakhstan) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

KazAID дамуға ресми көмегінің (ДРК) ұлттық операторы ретіндегі қызметін таныстырып, Dostyk және Avicenna бағдарламалары аясындағы бастамалармен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру және тұрақты даму салаларындағы жобалар таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ бастамаларды дамытуға ниетті екендерін білдірді.