
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Басқарма мүшесі – Әріптестік және аймақтық жобалар Департаментінің Директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері:
1) Агенттіктің даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Департаменттің мақсаттары мен міндеттерін айқындау, жұмысын жоспарлау және үйлестіру;
3) Жобалық ұсыныстарды, ынтымақтастықтың үлгілік бағдарламаларын әзірлеу, әлеуетті шетелдік әріптестер мен донорлардың ұсыныстарын талдау, халықаралық әріптестермен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу және сүйемелдеу;
4) Дамуға ресми көмек (бұдан әрі - ДРК) көрсету іс - шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
5) ДРК саласында халықаралық ұйымдармен, қаржы институттарымен, салалық ұйымдармен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен өзара іс-қимылды қолдау;
6) Агенттік қызметін ілгерілету шеңберінде халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, шетелдік ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер өкілдерімен Агенттік басшылығының ресми және жұмыс кездесулерін, Агенттік басшылығының шетелдік жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
7) ДРК саласында ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
8) ЭЫДҰ дамуға жәрдемдесу Комитетінде статистикалық есепті дайындау жұмысын басқару;
9) Департаменттің жобаларын басқару;
10) Атқарушылық тәртіпті бақылау, Департамент қызметкерлерінің тиімділігін бағалау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, халықаралық қатынастар, жобаларды басқару, халықаралық даму, мемлекеттік саясат және т. б. салаларда);
2) Мемлекеттік органдардың құжат айналымы қағидаларын білу, мемлекеттік органдарға хат жазу дағдыларының болуы;
3) Мемлекеттік органдарда, республикалық квазимемлекеттік ұйымдарда, халықаралық даму ұйымдарында жобалау қызметіне байланысты басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
4) Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін С2 деңгейінен төмен емес білу. Қосымша шет тілдерін меңгеру құпталады;
5) Дамуға ресми көмек саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, персоналды басқарудың заманауи әдістерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу;
6) Жобалық басқару саласында білімі бар болуы, жоба менеджері сертификатының болуы құпталады.
Түйіндемелерді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: office@kazaid.kz
Қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 20 маусымына дейін.