"Дамуға ресми көмек: дамыған елдердің құралы" оқу құралы

"Дамуға ресми көмек: дамыған елдердің құралы" оқу құралы дамуға ресми көмек (ДРК) жүйесінің мәні мен маңыздылығын тұрақты даму құралы ретінде қарастырады және студенттерге, оқытушыларға, сондай-ақ халықаралық қатынастар мен мемлекеттік саясат саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған.

Мұнда ДРК-ның мақсаттары, қағидаттары және эволюциясы қысқаша баяндалады — отарлық көмектен бастап, БҰҰ, ЭЫДҰ және халықаралық институттар аясындағы заманауи өзара іс-қимыл түрлеріне дейін.
Ерекше назар ДРК-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі және ХХІ ғасырдың жаһандық сын-тегеуріндеріне жауап берудегі рөліне аударылған.

Жеке бөлім Қазақстанның тәжірибесіне және халықаралық көмек жүйесіндегі жаңа донор ретінде KazAID агенттігінің қызметіне арналған.
Бұл оқу құралы теория мен тәжірибені ұштастырып, оқырманға халықаралық дамудың қазіргі заманғы тетіктерін тұтас түсінуге мүмкіндік береді.

 

Авторлар: Арыстанов А.К., Жолдасбекова А.Н., Оспанова Ә.Н., 2025

Баспа:  «Дарын баспасы», 2025

Дата публикации
28 октября 2025