Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

2025 жылы 29 сәуір күні  Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Р.Карабалинов, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Сәрсенбаева, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетілді.

Сессияда   2024 жылғы  20 желтоқсандағы  № 23/267-VIII   2025-2027 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы  мәселелер қаралды. Ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізуіне байланысты үзіліс жарияланды.