Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясы өтті

2025 жылы 11 сәуірде Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессясы өтті. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.М.Карабалинов, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының және ауданның басқа бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудан әкімінің м.а. Р.Карабалинов баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан бюджетінің атқарылуын бақылаудың 2024 жылғы нәтижелері туралы ШҚО тексеру комиссиясының мүшесі Д.Б.Касенов сөз сөйледі.

Катонқарағай ауданында жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметтер көрсету      саласындағы заңнаманың орындалуы туралы аудан   әкімінің                     орынбасары Ә.Шапенов хабарлады. Катонқарағай ауылдық округ әкімінің өз құзіреті шегінде жүктелген    функциялары мен  міндеттерінің орындалуы туралы Катонқарағай           ауылдық округінің әкімі Д.Касенов  баяндама жасады.

Сонымен қатар, сессияда  ауылдық округтердің әкімдері   2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы ақпарат тыңдалып сессия шешімімен бекітілді.

Аудандық мәслихаттың дептутаттары жарыссөздерге шығып, өз пікірлерін білдіріп, ауылдық округ әкімдеріне ұсыныстар жасады. 

Сессияда әр-түрлі мәселелер қаралып, талқыланып тиісті шешімдер қабылданды.