Тұрақты комиссиялардың кезекті отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың  кезекті отырысы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының "Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері" және "Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссияларының" кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауданның экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің орындалу барысы, Катонқарғай ауданы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, ауданда  кезекте тұрған тұлғаларды баспанамен қамтамсыз ету  және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде бірқатар мәселелер қаралды. Ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып,  тиісті қаулылар қабылданды.