Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

              2024 жылғы 26 наурызда Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Сессияға 5 депутаттың 4-і қатысты. Сессия жұмысына Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Р.Карабалинов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары шақырылып, қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн режимде көрсетіледі.
          Сессияда: Катонқарағай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, Катонқарағай ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту  туралы мәселелер қаралды.