Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2024 жылғы 2 ақпанда Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы Катонқарағай ауылында өтті. Сессияға 5 депутаттың    5- қатысты. Сессия жұмысына  Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Р.Карабалинов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысы Э.Акимбетова қатысты.
          Сессияда: Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/128–VІІI «2024-2026 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының шекарасын белгілеу бойынша ұсыныс енгізу туралы, әртүрлі мәселелер қаралды.