Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы өтті.

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы өтті.

2026 жылғы 09 Қазанда Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Шапенов, Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары З.Ж.Исаева, ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетілді. Сессияның күн тәртібінде "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 33/358-VІII "Катонқарағай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " мәселе қаралды, сондай - ақ ауылдық округтердің бюджеттері қаралды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.