Катонқарағай ауданында «Катонқарағай даму жолында: қоғам, кәсіп және билік» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары арасында тәжірибе алмасу жиыны өтті.

Катонқарағай ауданында «Катонқарағай даму жолында: қоғам, кәсіп және билік» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары арасында тәжірибе алмасу жиыны өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының төрағалары мен аппарат басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті тұрғындар қатысты. Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған жиынмен қатар, Қатонқарағай аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының  «Қатонқарағай ауданындағы қоғамдық ұйымдардың жұмысы туралы»  көпшілік тыңдаулар өткізілді.  Тыңдаулар барысында аудандағы қоғамдық ұйымдардың қызметі туралы ақпарат ұсынылып, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына қатысты, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.  Қоғамдық тыңдаулармен қатар өңірдегі мәслихаттар арасында тәжірибе алмасу жөніндегі жиынның өткізілуі қатысушыларға әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарды дамытуға және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасауға қатысты түйінді мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.