
Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы 2026 жылы 04 қыркүйекте сағат 11.00-де Катонқарағай ауылы, Катонқарағай аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 08.30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Катонқарағай ауданы мәдени ошақтарының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудағы жұмысы туралы.
2. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген).
3. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
4. Әр түрлі мәселелер
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 04 қыркүйекте сағат 09.00-да, тұрақты комиссиялардың біріккен отырыстары сағат 10.00-де Катонқарағай аудандық әкімшіліктің ғимаратында өтеді.