Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтті.

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс  XXXVIII сессиясы өтті.

2026 жылғы 18 тамыз күні Катон-Қарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс  XXXVIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Б.Дүйсембаев, "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" басшысы А.М.Шакирова қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы интернет желісі арқылы онлайн режимде тікелей көрсетілді. Сессияның күн тәртібінде "Катон-Қарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды. Сессияда басқа да мәселелер қаралып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.