Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XXiX сессиясы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XXiX сессиясы өтті

2026 жылғы 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті.  Сессия жұмысына  облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары, облыстық басқарма басшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.  Сессия барысында мәслихат қызметіне, білім беру жүйесін дамытуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ  басқа да бірқатар мәселелерге қатысты сұрақтар қаралды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының қызметі туралы  облыстық мәслихаттың төрағасы Рыпаков Д.С., сөз сөйледі, білім басқармасының басшысы Оқасов Қ.Б., депутаттарды білім беру ұйымдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Құсайынов М.М., Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау туралы есебі тыңдалды. Бұдан басқа, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы басқарманың қызметі туралы мәселе қаралды.

Сессия соңында депутаттар күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді талқылап, қорытындысы бойынша  тиісті шешімдер қабылданды.