Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясы өтті.

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясы өтті.

 

2026 жылдың  5 маусым күні  Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Д.М. Әділғазинов, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы интернет желісі арқылы онлайн режимде тікелей көрсетілді.

Сессия барысында аудан әкімінің өз құзыреті шегінде жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенінің іске асырылу барысы талқыланды.

Қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары Ж.Б.Тыныбеков пен Д.Т.Қалибеков жарыссөзге шықты.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.