
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран- еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің , бірлігі мен тұтастығының айқын белгісі. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қасиетті рәміздеріміз әрбір азаматтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілейміз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін!