
"AMANAT" партиясы басшылығының тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарының халық алдындағы есептік кездесулері жалғасуда. Катонқарағай аудандық мәслихат депутаттары А.Ахметова, Б.Болаев, Д.Қалибеков халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған (жол, байланыс, интернет, үйлердің кадастрлық нөмірінің сәйкессіздігі, ауыз-су мәселесі, мал жайылымынң аздығы) туралы бірқатар мәселелер көтерілді. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатын болады.