
Аудандық мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесулерінің бекітілген кестесіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Б.Болаев Аршаты, Өрел ауылдарына барып, тұрғындармен, кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар талқыланып, тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.