
2026 жылы 18 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары С.М.Жакитовтың қатысуымен , "Катонқарағай аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы", "Катонқарағай ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру және тәрбие саласындағы бағдарламалардың орындалуы туралы" көпшілік тыңдау өткізді. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.П.Көшенова, білім бөлімінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, қатысты. Көпшілік тыңдау барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, тәрбиелік жұмыстардың сапасы, балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына бағытталған іс-шаралар талқыланды. Жиын барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, мектепке дейінгі білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтты. Көпшілік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.