Катонқарағай аудандық мәслихаты депутатының сайлаушылармен кездесуі өтті.
Аудандық мәслихат депутаты Д.Т.Қалибеков сайлаушылармен кездесті. Кездесу «ОЭСК» және «Алтай орманшылығы» еңбек ұжымдарымен өтті. Кездесу барысында сайлаушылардың өтініштері мен тілектерінің орындалуы, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.