
Катонқарағай аудандық мәслихатының «Бюджеті, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері», «Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияларының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Ауданның білім беру мекемелерінде балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар», «Жергілікті атқарушы органдардың 2026 жылғы көктемгі су тасқынына дайындығы», «Ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударудағы атқараған шаралары», «Катонқарағай ауданы әкімдігінің құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралақ комиссияның қызметі», «Ауданда орналасқан мекемелер, сауда және қызмет көрсету орындарының, тұрғын үйлердің аудандық «дизайн код» нормаларын орындау» туралы бірқатар мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдап, ұсыныстарды талқылап, өз пікірлерін білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.