
Аудандық мәслихат депутаттары Астана қаласында өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумына қатысты. Аталған іс-шара өңірлерді дамытудағы жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған маңызды диалог алаңына айналды. Мемлекет басшысы мәслихаттың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - ағымдағы мәселелерді талқылау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсарту.