«PRESIDENT» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бетінде Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты Ж.Б.Тыныбековтың маңызды мақаласы жарық көрді.

«PRESIDENT» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бетінде Катонқарағай аудандық мәслихатының  депутаты  Ж.Б.Тыныбековтың маңызды мақаласы жарық көрді.

 

ЖАҢА АТА ЗАҢДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
ҚАҒИДАТТАРЫ БЕКІТІЛЕТІН БОЛДЫ

2026 жылғы 31 қаңтарда еліміздің саяси құқықтық бағытында жаңа конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясымен
Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы жарияланып, еліміздің негізгі заңының жаңа нұсқасы сарапшылармен мамандар талқылауынан өтіп, халыққа ұсынылып отыр.
Бұл - мемлекетіміздің өмірі үшін аса маңызды құжаттың жаңартылуы уақыт ағымына қарай мемлекеттің жарқын болашағына бағытталған батыл қадам. Олай дейтін себебіміз, кез келген мемлекеттің конституциясы ол мемлекетті басқа саяси ұйымдардан ажырататын басты белгісі болып табылады, сонымен қатар қоғамның даму бағытын анықтайтын
құқықтық құжат. Мемлекет алдындағы дұрыс бағыт сол негізгі заңымыздың сапалы əрі қоғам талаптарына сай бекітілуіне байланысты болатынына дау жоқ. Конституция – қоғам мен билік арасындағы қатынастардың сипаты мен азаматтардың құқықтары жəне бостандықтарының деңгейін айқындайтын басты құқықтық акті. Еліміздің Конституциялық дамуы – тəуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуынан бастау алады да, құқықтық мемлекет пен демократиялық басқару қағидаттарына
кезең-кезеңімен жақындаудың күрделі əрі эволюциялық процесі болып табылады. Негізі, айта кетсек, жылдар бойында Ата заңымыз көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл заңды, олай дейтін себебіміз, əлем өзгеруде. Өміріміз жыл санап емес, ай санап, күн санап өзгеріп жатыр. Жалпы ғалам цифрлық тұрғыда дамып, жасанды интеллект барлық салаға енуде. Түрлі экологиялық өзгерістер орын алып жатыр. Мемлекет басшысы экологияға ерекше көңіл бөліп, басты назарда ұстайды. Конституцияның жаңа нұсқасында экологияның қауіпсіздік мəселелеріне ерекше мəн беріліп, қоршаған ортаны қорғауға басымдылық берілген. Бұл жөнінде «Жаңа Конституцияның жобасы табиғатты сақтау, қоршаған ортаны қорғау жалпыұлттық басымдықтарына ие болады, экологиялық заңнаманың тиімділігі күшейтіледі, табиғатты қорғау жəне халықтыңөмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша құралдар енгізіледі», - деп Экология жəне табиғи ресурстар министрі атап өтті. Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау саласы – қоғам арасында өзекті мəселелердің бірі болып саналады.
Ауаның ластануы, жасыл желек мəселесі күн тəртібінен түспейді деп айта аламыз. Министрлік тарапынан берілген тапсырмаларды орындау мақсатында ақпан айында экологиялық туризмді дамыту мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткіздік. Басты мақсатымыз – ұлттық парк аумағында туризмді дамыту тұжырымдамасымен таныстырып, аудандардағы инвестициялық жобаларды талқылап, ұсыныстар қабылдадық.
  Ұлттық парк қызметі - табиғатты қорғау, биологиялық əртүрлілікті сақтау, экологиялық ағарту мен экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыстар. Табиғатты сақтау мен табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарау – əрбіразаматқа жүктелетін міндет. Сонымен қатар осы кеңесте мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршағанортаны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені өзіне артып, экологиялық қауіптерді жасырғаны үшін заңдыжауапкершілік енгізілетіндігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстардың табиғатты қорғау саясатының құқықтық негізін нығайтатыны, экологиялық жауапкершілікке көшуге мүмкіндік берілетіндігі жөнінде сөз қозғалды.

Атап айтсақ, Конституцияның 34-бабына мына нормалар енгізіледі: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жəне табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті; мемлекет адамның өмір сүруіне жəне денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді; адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілерді немесе мəн-жайларды лауазымды тұлғалардың жасыруы заңға сəйкес жауапкершілікке алып келеді. Конституция жобасының ережелері талқыланған жиында экологиялық заңнаманы дамыту, азаматтардың
экологиялық құқықтарын қорғау, қоғам мен келешек ұрпақтың ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, орнықты даму үлгісіне көшулеріне негіз қалыптастыратындығы айтылды. Алғашқы рет негізгі заң деңгейінде Əділеттік, «Заң мен тəртіп» сияқты қағидалармен бірге табиғатты аялау қағидасы бекітілетін болады. Ұсынылған өзгерістер уақытында көтерілген, еліміздің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін басты да нақты қадам болып табылады. Тыныстайтын таза қоршаған орта – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.