
2025 жылы 23 желтоқсан күні Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәпенов, бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде жарияланды.
Сессияның күн тәртібінде "2026-2028 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының ауылдық округтерінің бюджеті" туралы мәселе қаралды. Сессия барысында ауылдық округ әкімдерінің алдағы уақытқа арналған бюджет жобалары бойынша баяндамалары тыңдалып, 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері бекітілді.