
2025 жылы 18 желтоқсан күні Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Дүйсембаев, аудан әкімінің орынбасарлары C.Жакитов, Ә.Шапенов, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетіледі.
Сессияда «2026-2028 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Сарсенбаева баяндама жасады. Катонқарағай ауданында «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәпенов таныстырып өтті. Ақсу, Коробиха ауылдық округ әкімдерінің өз құзыреті шегінде оларға жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы ақпараттары тыңдалды. Сонымен қатар, Катонқарағай аудандық мәслихаты төрағасының мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмысы туралы бірқатар мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары Ж.Б.Тыныбеков., Д.Т.Қалибеков., жарыссөздерге шығып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Катонқарағай аудандық мәслихатының "Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері" және "Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының" кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауданда халыққа әлеуметтік көмек көрсету бойынша өкілетті органдардың атқарған жұмысы, Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымы, өтініштерін қарауда ҚР ӘРПК-нің талаптарының орындалуы туралы мәселелер қаралып, комиссия төрағалары тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, тиісті қаулылар қабылданды.