
2025 жылдың 13 қараша күні Катонқарағай аудандық мәслихатының "Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселері жөніндегі" тұрақты комиссиясының көшпелі отырыс өтті. Күн тәртібінде "Катонқарағай ауданында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы туралы" мәселе қаралды.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Бауыржанұлы, Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері Г.К.Сакенова, білім беру бөлімінің бас маманы А.Б. Бердібеков, аналар кеңесінің мүшелері және қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық аурухана дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері қатысты.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Сакенова Г.Қ. медициналық қызмет көрсету сапасы және атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Отырыста тұрғындарға көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын, медициналық жабдықтардың жағдайын және кадрмен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.