Аудандық мәслихат депутаттары Б.Болаев., А.Байғонысов өз сайлау округтеріне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында депутаттар тұрғындармен кездесіп, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар қазіргі уақытта Қызыл-Жұлдыз және Қайыңды ауылдарында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша салынып жатқан екі пәтерлі үйлердің құрылысымен танысып қайтты.