Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының "Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері" және "Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссияларының" кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің жылу беру маусымына дайындығы және Катонқарағай аудандық құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы туралы   бірқатар мәселелер қаралды. Ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып,  тиісті қаулылар қабылданды.