2025 жылы 12 қыркүйек күні Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXX сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Б.Дүйсембаев, аудан әкімінің орынбасары С.М.Жакитов, бөлім басшылары, күштік құрылым өкілдері, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде жарияланды. Сессияда Катонқарағай ауданында жер(соның ішінде жайылымдар туралы) заңнамасының талаптарының орындалуы және Катонқарағай ауданында бизнесті қолдау және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары С.М.Жакитов баяндама жасады. Аққайнар, Белқарағай ауылдық округтері әкімдерінің өз құзіреті шегінде оларға жүктелген фунуциялары мен міндеттерінің орындауы туралы ақпараттары тыңдалды. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы комиссия төрағасы Ж.Б.Тыныбеков баяндама жасады. Қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары А.А.Ахметова, А.Қ.Байғонысов, Д.Т.Қалибеков жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады. Сессияда әр түрлі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.