2025 жылдың 09 қыркүйек күні Катонқарағай аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының көшпелі отырыс өтті. Күн тәртібінде «Катонқарағай ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру бағытында жергілікті атқарушы органдарының атқарған шаралары туралы» мәселе қаралды.Отырысты аудандық мәслихат депутаты комиссия төрағасы Қалибеков Д.Т. жүргізді. Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шакирова А.М. қатысты. Отырыста мүмкүндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларға қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.