Катонқарағай аудандық мәслихатының Тұрақты комиссиялардың кезекті отырысы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының Тұрақты комиссиялардың кезекті отырысы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының "Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері" және "Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының" кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2024 жылғы Катонқарағай ауданындағы салынған жәнге жөнедеу жұмыстары жүргізілген құрылыс нысандарының сапасы мен бюджет қаражаттарының игерілуі, ауданның елді мекендерін абаттандыру, тұрмыстық және қоқыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, жою жұмыстарының атқарылуы, Катонқарағай ауданындағы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері туралы бірқатар мәселелер қаралды. Ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, тиісті қаулылар қабылданды.